Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді. 
Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.
Алматыда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді. 
Атырау облысының батысында тұман түседі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

28 наурыз 2025 ж. 418 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31