Қар және аяз: 7 ақпандағы ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 ақпанда Алматыда, Астанада және еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
whatsapp buttontelegram buttonfacebook buttoncopyLink button
Иконка комментария блок соц сети0
Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ.
Алматыда жолдарда көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.