Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі бар қыздың бұрымы бар

Мектептегі бар қыздың бұрымы бар

Көктем жетісімен қызғалдақтай құлпырған қыздарды іздейтініміз бар. Осы мақсатта ел арасына «бұрымды бойжеткендер болса, хабарлассын» деген өтінішімізді жолдағанбыз. Жазғанымыз сол еді, телефонға тыным болмады. Бірі анасы, бірі сыныптасы, бірі көршісі, бірі танысы жайлы ақпарат айтып жатты. Қуанып қалдық. Осыдан он жыл бұрын аталған тақырып жөнінде мақала жазғанда, қиналғанымыз бар еді. Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Осылардың қатарындағы бір хабарлама ерекше назарымызды аударды.

Бұл мектепке барғанда «Иықтан шашы төгіліп жерге» деген жолдарымен баурайтын әдемі ән әсері еріксіз ойға оралады. Сырын тарқатуға тырыстық.
«Менде 150-де астам бұрымды бар», – деген қуанышты хабарды Қожабақы ауылындағы оқырманымыз Нұрсұлу Сейітовадан алдық. Хабарласып, мәліметтің анық-қанығын білдік.
Бүгінде №25 орта мектепте 316 оқушы оқиды екен. Олардың 159-ы қыздар.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» деген бар. Барлық оқушы негізгі тәрбие, білім үлгісін дәл осы білім ошағында алып, қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген. Тұжырым да жоқ емес. Физика пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген Нұрсұлу Сайлауқызы бірнеше жылдан бері ауылдағы мектепте алдымен психолог болса, кейіннен мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Жаңашыл оқытушы оң өзгерістер мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ерекше көңіл бөлуді жолға қойған. Соның бірі орта оқу орнындағы оқушы қыздардың шаштарын өсіру жөніндегі насихат, ұстанымы.
«Жеті жылдан бері осы жайға ден қойып келемін. Шәкірттеріме үлгі болу үшін өзім де осы уақыт аралығында шашымды қиған жоқпын. Өз сәндеріне сән қосу арқылы аруларымыз кекілді келте етуге де келіспейтін дағды қалыптастырды. Бұл орайда сынып жетекшілері мен ата-аналарымыздың да қолдауы маңызды. Ұғынғаным, дөңгелек жүзді қазақ қыздарына шашты өсіру сондай жарасымды», – дейді ұстаз.
Өткен жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Бұрымды қыз» челленджін қабылдап алған ұжымның барлық қызы аталмыш шараға қатысып, өрнекті көрінісімен көздің жауын алып, сүйіспеншілікке бөленіпті.
«Биылғы бірінші сыныпта қысқа шашты қыздар бар екен. Енді солармен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ айналасындағы көріністі көзімен көрген балақайлар үрдіске ұзамай ілеседі деген ойдамын. Былтыр мектеп бітірген түлектеріміздің барлығы біздегі ең ұзын шашты қыздар болып еді», – дейді тәрбие ісі маманы. Әпкелерінің жолын жалғап келе жатқан Аружан Мейірхан, Інжу Ерғазы, Айкерім Талғаттар ұзын шашты күтудің кедергі келтірмейтінін, керісінше, жауапкершілілік жүктейтінін жеткізді.
Өспірім өрімділер көркімен ғана емес, сабақ үлгісі, ғылыми жарыстар, пәндік олимпиадалар, спорттағы жетістіктерімен де тәнті етіп келеді. Бір ғана мысал, осында жасақталған «25 мектеп» қыздар командасы кіші футболдан республика жүлдегері. Бұдан бөлек кітап оқушылар, қолөнер бұйымдарын жасаушы, үй гүлдерін баптаушы білім алушылар қатары жыл санап артып келе жатқанын білдік.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
15 наурыз 2025 ж. 57 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31