Камчатка жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің эпицентрі 51,69° солтүстік ендік және 159,66° шығыс бойлық координаталарында орналасқан.
Фото: unsplash.comКамчатканың шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі жұма күні Астана уақытымен 21:34-те (Гринвич уақытымен 16:34) болған. Бұл туралы Германияның Геоғылымдарды зерттеу орталығы хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі 51,69° солтүстік ендік және 159,66° шығыс бойлық координаталарында орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Бұған дейін Қырғызстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелген.









