Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғылды соңғы қоңырау

Соғылды соңғы қоңырау

Биылғы оқу жылы да аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті де келіп жетті. Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі.
Жақында осыған орай Қазалы ауданындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғу шарасы салтанатты түрде өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық мәслихат депутаты Талғат Әліпбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов Қазалыдағы беделді білім беру ұйымдарының бірі – Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепке арнайы барып, жас түлектердің қуанышымен бөлісті.
Мерекелік шарада мектеп алаңына екі сыныптың оқушылары салтанатты түрде құрмет-қошеметпен шақырылды.
Мұнан соң мектеппен қоштасып, ересек өмірге аяқ басқалы тұрған ұл-қыздарды аудан әкімінің орынбасары құттықтап, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың атынан ақ жол тіледі.
– Әрбір жанның жүрегіне толқыныс ұялатып, ерекше көңіл-күйге бөлейтін сәттердің бірі бұл – алтын ұя мектебіңмен қоштасу. Сіздер үшін мектептегі қиын сабақтар аяқталды, енді өмірдің дәрістері басталмақ.
Биыл Қазалы ауданы бойынша 800 оқушы мектеп бітірсе, оның 749-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдіріпті. Олардың арасынан 63 оқушы «Алтын белгіге», 70 оқушы «Үздік атестатқа» үміткер.
Ал Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептен 11 сыныпты 39 оқушы бітіргелі тұр. Оның біреуі «Алтын белгіге», төртеуі «Үздік аттестатқа» үміткер екен. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Сонымен қатар жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға ризашылығын жеткізді.
Салтанатты шарада мектептің ардагер ұстаздары мен ата-аналар да құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге батасын берді.
Бұдан әрі оқушылар соңғы қоңырауды қағып, мектеп алаңында вальс билеп, естелік суретке түсіп, ұстаздарымен қоштасты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
03 маусым 2023 ж. 529 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930