Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы Азия ойындары аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады

2026 жылғы Азия ойындары аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті. Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.
Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.
Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Осылайша Қазақстан 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есептесегізінші орынға тұрақтады. Ал 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында еліміз 11-орын алған еді. Осылайша, ұлттық құрама алдыңғы Азиадамен салыстырғанда үш саты жоғарылап, алтын медаль санын арттыра білді.
"Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында бірқатар олимпиадалық спорт түрінен ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұған дейін ұлттық құрама Азиада алтынын соңғы рет 2014 жылы жеңіп алған болатын. Кейінгі екі Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады. Жапонияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды".ҚР Туризм және спорт министрлігі
Сапымен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азиада тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Корея Республикасының құрамасын 43:42 есебімен ұтты. Қарсылас команда сапында жекелей сында Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы атанған Пак Сан Ён да өнер көрсетті.
"Бұл жеңіс қазақстандық семсерлесушілер үшін тарихи жеңістердің заңды жалғасы болды. Ұлттық құрама әуелі Азия чемпионатында топ жарып, кейін алғаш рет әлем чемпионы атанды, енді Азия ойындарының алтынын иеленді. Бұған дейін бір маусымда мұндай нәтижеге ешбір құрама қол жеткізбеген", делінген ведомство хабарламасында.
Академиялық есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді сыйлады. Олар ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында жеңіске жетті.
Таеквондодан Тамирлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен Азиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алды.
Велошабандоз Алексей Луценко да тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Ол жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең атақты спортшысына айналды. Ал Рината Сұлтанова жекелей жарыста топ жарып, Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында Азия ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.
Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына екі алтын медаль салды. Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атақ.
Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жекте де Қазақстан бірден үздіктер қатарынан көрінді. Еркінғали Бүркітәлі мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола медаль иеленді.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға шықты. Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат финалда жапониялық қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ұлттық құрама аралас командалық сында да күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан қатысқан бес финалдың барлығында Жапония балуандарымен белдесті.
Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан бұл бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесіне қайта қол жеткізді.
"Қазақстандық балуандардың нәтижесінде де оң өзгеріс байқалды. Еркін күрестен ұлттық құрама үш қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылғы Азия ойындарында бұл күрес түрінен Қазақстан жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер күресінде де нәтиже жақсарды. Биыл спортшыларымыз бір күміс және екі қола медаль иеленсе, 2023 жылы бір ғана күміс жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, күрес Қазақстанның жалпы медаль қорына тұрақты үлес қосып келеді. Қола жүлделер санының артуы қазақстандық балуандардың Азия деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді".ҚР Туризм және спорт министрлігі
04 қазан 2026 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031