Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
Солтүстік пен батыста жаңбыр аралас қар, кей өңірлерде тұман мен жел күтіледі

Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 4 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Көптеген қалада жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік пен батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін. Бірқатар қалада тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Күндіз ауа температурасы +5...+27 °C аралығында болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада бұлтты, түнде жаңбыр жауады, күн соңында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +5...+7 °C, күндіз +8...+10 °C, кейін ауа температурасы төмендейді.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14 °C, күндіз +25...+27 °C.
Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел екпінді болады. Түнде +15...+17 °C, күндіз +15...+17 °C.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнде -1...-3 °C, күндіз +5...+7 °C.
Ақтауда бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, жел екпінді болады. Түнде +6...+8 °C, күндіз +13...+15 °C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Түнде +3...+5 °C, күндіз +13...+15 °C.
Жезқазғанда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, жел екпінді болады. Түнде +4...+6 °C, күндіз +8...+10 °C.
Қарағандыда бұлтты, жаңбыр жауып, жел екпінді болады. Түнде +7...+9 °C, күндіз +13...+15 °C.
Көкшетауда бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +2...+4 °C, күндіз +5...+7 °C.
Қостанайда бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +1...+3 °C, күндіз +5...+7 °C.
Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 °C, күндіз +13...+15 °C.
Қонаевта бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Түнде +13...+15 °C, күндіз +25...+27 °C.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +10...+12 °C, күндіз +18...+20 °C.
Петропавлда бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +3...+5 °C, күндіз +8...+10 °C.
Семейде бұлтты, жаңбыр жауып, жел екпінді болады. Түнде +11...+13 °C, күндіз +18...+20 °C.
Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15 °C, күндіз +25...+27 °C.
Таразда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12...+14 °C, күндіз +18...+20 °C.
Түркістанда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12...+14 °C, күндіз +15...+17 °C.
Оралда бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жел екпінді болады. Түнде -1...-3 °C, күндіз +5...+7 °C.
Өскеменде бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +10...+12 °C, күндіз +20...+22 °C.












