Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қазанда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

4 қазанда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер етеді.

Pixabay.com
4 қазанда Алматы мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер етеді.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандар ҚМЖ кезінде:
  • ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуды;
  • өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруді;
  • ашық ауадағы дене жүктемесін шектеуді ұсынады.
Дене шынықтыру мен спортпен айналысуды ашық алаңда емес, жабық спорт кешендерінде өткізген жөн.



04 қазан 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031