Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар жауып, көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қалай құбылады

Қар жауып, көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қалай құбылады

Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.
Фото: PixabayФото: Pixabay
Қыркүйек айының соңындағы жылы күзгі күндердің орнына Қазақстан аумағына қуатты Солтүстік циклонның келуіне байланысты ауа райы күрт суытып, қолайсыз сипатқа ауысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елде ауа райы тұрақсыз болып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. 5 қазан күні еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта қар, көктайғақ және төмен бұрқасын болжанған. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанды.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.
Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы 0,+5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін төмендейді.
Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.

04 қазан 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031