Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Шашым тобыққа дейін түсіп тұрса деймін»

«Шашым тобыққа дейін түсіп тұрса деймін»

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің мұғалімі Айнұр Сыдық тілерсегіне түсіп тұратын шашын мектеп бітірген жылы өсіре бастаған. Бұрындары шашын айран, жұмыртқа жағып жуа­тын ол кейінгі кезде ешқандай күтім жасап жүрмегендігін айтады. Тек шашы аздап түскен кездері кір сабынмен жуып, суға сіркесуын қосып, шашын шайғаны бар. Бүгінде ана атанып отырған Айнұрдың қызының да шашы қысқа емес.
«Отбасымыздағы бес қыз­дың ең кішісімін. Әпкелерімнің ешқайсысының шашы ұзын емес. Шашымды жиі қимаймын. Өйткені, шаш қиған сәтімде сәтсіздіктер кездесіп жатады. Шашымды күту қиын емес. Сусабын талғамаймын», – деген қолаңшашы ажарына көрік қосып тұрған келіншектің «шашым тобығыма түсіп тұрса» деген тілегі бар.
P.S. Бұрымды арулар азайып бара жатқаны өкінішті. Оны осы материалды дайындауға әзірлік барысы үстінде айқын аңғардық. Бірнеше жерге қоңырау шалып, бірнеше адамнан «Шашы ұзын қыз-келіншектерді танисыз ба?» деген сауал қойдық. Сондағы бір әттеген-айы, көпшілігінің қазіргі таңда бұрымды қыздарды көптеп кезіктіре алмағандығы.
Құрметті оқырман, егер сіз қос бұрымы көркі болған қыз-келіншектерді танысаңыз, бізге хат жолдауды ұмытпаңыз!
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
07 наурыз 2018 ж. 2 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30