Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нысандардың ерекше қажеттілігі бар жандарға бейімділігі зерделенді

Нысандардың ерекше қажеттілігі бар жандарға бейімділігі зерделенді


Фото: Ернұр Кама

Бүгін «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалуына қатысты мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік топтың құрамында партияның аудандық филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі Мерей Тілеубай болды.

Топ мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандар жиі жүгінетін мекемелердің бірі аудандық емханаға барып, ондағы бейімділік талаптарының сақталу деңгейін тексерді. Зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды қысқа мерзім ішінде жою қажеттігі ескертілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша мекемелердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз қызмет көрсетуі аса маңызды екені атап өтілді. Мұндай азаматтардың ғимаратқа еркін кіріп-шығуы мен қажетті қызметтерді ыңғайлы түрде алуына жағдай жасау әлеуметтік жауапкершіліктің бір көрінісі ретінде қарастырылуы тиіс.
12 наурыз 2025 ж. 311 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031