Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру нысандарының бейімділігі зерделенді

Білім беру нысандарының бейімділігі зерделенді

Бүгін партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Әйтеке би кентіндегі бірқатар мекемелерде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бейімділігін бақылап, оларға қолайлы орта қалыптастыру арқылы өмір сапасын арттыру.
Мониторинг тобы ең алдымен білім беру орындарында болып, ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы аса маңызды мәселе екендігін айтты. Мұнан соң нысандардың талапқа сай жабдықталуын қарап, пандустардың бар-жоғын анықтады. Зерделеу нәтижесінде бірқатар мекеме басшыларына орын алған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіру керектігі айтылды.

Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі Өмірбек Кетебай және аудандық партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева қатысты.

#AMANAT
17 сәуір 2023 ж. 266 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 31

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930