Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Канада, Мексика және Қытай тауарларына жоғары баж салығын салмақ

АҚШ Канада, Мексика және Қытай тауарларына жоғары баж салығын салмақ


ФОТО: Yuri Gripas - Pool via CNP | picture alliance / Consolidated News Photos
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт 1 ақпаннан бастап АҚШ Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға ірі баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САЛЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ

Мексика мен Канададан импортталатын тауарларға 25 пайыз салық салынса, Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыз салық енгізілді.

Импортқа баж салығын енгізу АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасы кезіндегі ең негізгі пунктердің бірі болған.

Трамп шешімінде көрсетілген импорт Америка экономикасының маңызды бөлігі. АҚШ-тың мұнай өндіру өнеркәсібінің шамамен 20-25 пайызы Канада мұнайын пайдаланады. Канада мұнайының 70 пайызы АҚШ-қа экспортталады. АҚШ-қа импортталатын жеміс-көкөністердің шамамен 64 пайызы Мексикадан келеді.

Ақ үй аталған шара қымбатшылыққа апармас үшін қандай да бір шара қолданылатыны жөнінде айтпады.
КАНАДАНЫҢ ЖАУАБЫ

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мұндай шараға дайын екенін және жауап беретінін де мәлімдеді. Ол алдағы уақытта Канаданы "күрделі күндер мен апта" күтіп тұрғанын айтып, үкімет АҚШ-қа "лайықты жауап береді" деді. Ол баж салығын АҚШ-тың өзіне де, Канадаға керек емес шара деп атады.

02 ақпан 2025 ж. 287 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930