Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейнекамера арқылы тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарылуда

Бейнекамера арқылы тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарылуда

Фото: Видеодан алынды
Қазалы аудандық Полиция бөлімінің жедел басқару орталығында полиция қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз қырағылықпен қызмет атқаруда. Жедел басқару орталығы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асыруда.
2024 жылы аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджеттен 320 млн. теңгеге 79 бейнекамера сатып алынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда аудан аумағына 7 дана стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.
Бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау, алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүру және ортақ пайдаланатын қоғамдық орындарды ластау, белгіленбеген орындарға қоқыс тасау сынды түрлі 364 құқықбұзушылық анықталып, шара көрілді.
Осыған сәйкес, барша аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіп пен заңдылықтарды қатаң сақтауға шақырамыз!
27 қаңтар 2025 ж. 318 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30