Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда үйленгеніне 3 жыл толмаған жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

Қазақстанда үйленгеніне 3 жыл толмаған жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

Сұраныс өте жоғары болып, бір ай ішінде 1 500 депозит ашылды. Бұл туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

"Шаңырақ көтергеніне үш жыл толмаған жас отбасы депозит ашып, бірден тұрғын үй құнының 50%-ін төлей алады. Сондай жағдайда ипотека төмендетілген мөлшерлемемен ресімделеді. Бізде негізінен мөлшерлеме – 8,5%, ал жас отбасы үшін арнайы 6% етіп отырмыз", – деп атап өтті Ибрагимова. Сонымен қатар жас отбасының жасын үш жылдан бес жылға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. "Қазір көптеген отбасы "неге үш жыл? 5 жыл да жас отбасы үшін ұзақ уақыт емес. Бізді де қолдаңыздар" деп жазып жатыр. Біз бұл ұсыныстарды қарастыратын боламыз", – деді Ибрагимова. Айтуынша, ол үшін "Отбасы банкіне" трансформация жасау қажет. Сонда ғана барлық отбасыға мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең дәрежеде қол жеткізуге мүмкіндік береді деп түсіндірді ол. "Отбасы банкінің" алдында табысы төмен әрбір отбасы төмен мөлшерлемемен ипотекаға үміткер болуы керек деген мақсат тұр. "Жыл соңына дейін біз индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге үкіметтің қолдауымен заңнамалық бастамалардың үлкен топтамасын іске асырып, қоғамға түсіндіретін боламыз", – деп түсіндірді Ибрагимова. Содан кейін ғана" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Отбасы банк" деп аталатын болады.

04 тамыз 2020 ж. 803 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031