Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майы бар балықтарды атады

Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майы бар балықтарды атады

Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майлары бар балық түрлерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Conversation басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Рixabay.com
Франциядағы Тур университеті ғалымдарының айтуынша, майлы балықтардан, яғни сардина, скумбрия, майшабақтар мен басқа да теңіз өнімдерінін табылған биоактивті молекулалар қатерлі ісік метастазының қаупін азайтады. Сонымен қатар рак клеткаларының құрамдас бөліктерін және ісік микроортасын таңдап алып, олардың жойылуына әсер етеді.
Зерттеушілердің пікірінше, теңіз өнімдері – ісікке қарсы қасиеттері бар және қатерлі ісік ауруын емдейтін бірегей липидтердің қайнар көзі. Бұл липидтерді тамаққа да, арнайы препараттарға қосса бірдей әсер береді.
“Мысалы, цитарабин – Кариб теңізі жөкесінің Cryptotethya crypta құрамында кездесетін қосылыстар негізіндегі лейкемияны емдеуге арналған химиотерапиялық препарат. Теңіз өнімдерінен алынған милфетозин липиді сүт безі қатерлі ісігінің терідегі метастаздарын емдеуде тиімді екенін көрсетті. Сондай-ақ теңіз липидтері, omega-3 май қышқылдары рак клеткаларын жоюға көмектесуі мүмкін”, – деп жазды басылым.
Тур университетінің ғалымдары эндогенді липидтердің екі класын – алкил және алкенилды ашты. Алкенил липидтері ісіктің өршуін азайтып, SK3 белсенділігін тежейді. Ал алкиллипидтер бұл арнаны белсенді етіп, метастазға ықпал етеді. Алкенил липидтері ұлулардың ұлпаларында, сондай-ақ акулалар мен скат сияқты шеміршекті балықтардың бауыр майында кездеседі.

13 желтоқсан 2024 ж. 319 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 153

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 126

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031