Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің бірі - іштің жоғарғы бөлігі және арқаның жиі ауыруы. Ол тамақ ішкенде немесе алға еңкейгенде де байқалуы мүмкін.
"Ұйқы безінің қатерлі ісігі пайда болғанда іштің жоғарғы бөлігі, кейде арқа ауырсынуы мүмкін. Мұның бәрі дененің жағдайына байланысты. Осы белгілерді байқасаңыз дәрігерге қаралыңыз. Бұл аурудың дамуын болдырмауға, оның алдын алып, ем қабылдауға көмектеседі", - дейді мамандар.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі - қатерлі ісіктің ең көп таралған алты түрінің бірі. Бастапқы кезеңде симптомдар жеңіл немесе мүлдем болмауы мүмкін.
Ең жиі кездесетін симптом - сарғаю. Себебі ісік өсіп, өт жолдарын басады. Ұйқы безінің қатерлі ісігінің басқа белгілеріне нәжістің өзгеруі, іштің кебуі, зәр түсінің өзгеруі, тәбеттің немесе салмақтың төмендеуі, шаршау, қызба, қалтырау жатады.
Дәрігерлер бұл аурумен ауыратындар тобына темекі шегетіндер, ішімдік ішетіндер, артық салмақпен ауыратындар, созылмалы панкреатитпен ауыратын 75 жастан асқан, қызыл және өңделген етті көп тұтынатын адамдар жататынын атап өтті.
26 тамыз 2022 ж. 1 271 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031