Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды
Адам ағзасы үшін ең қауіпті бес сусын анықталды. Ғалымдар кола, жасанды шырын, шампан, энергетиктер мен газдалған сусыннан бас тарту керек екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Life.ru
Ғалымдардың айтуынша, кез келген газдалған сусын обыр жасушаларының өсуіне әкеліп соғады. Бұл ішкен сусын түрі мен мөлшеріне де байланысты.
Құрамында қант алмастырушысы бар сусын ішетіндер ұйқы безінің ісігіне шалдығуы мүмкін. Аптасына ішілетін мұндай екі сусын қатерлі ісік қаупін 87%-ке арттырады.
Ғалымдар газдалған сусын ерлер денсаулығы үшін аса қауіпті деп дабыл қағуда. Сондай-ақ, бұл сусынды көп ішетін әйелдердің сүт безінде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ұйқының рак пен қартаюға қарсы әсері
Ал жүкті әйелдерге оларды мүлдем ішуге болмайды. Өйткені барлық газдалған сусын құрамында қызыл амарант жасанды консерванті (Е-123) бар.
Ең қауіптісі – энергетиктер мен кола сынды газдалған тәтті сусындар. Олардың бір құтысында 20 қасық қант, фосфат, бояғыш зат пен газ болады.