Еңбекті сүйген ерлі-зайыптылар
Қазалыда еңбекті сүйген ерлі-зайыптылар тұрады. Қызығы сол, олар бала күнінен бірге өскен, мектептің партасында бірге отырған. Кейіннен бір-бірін «теңім» деп тауып, үлкен ағысқа бірге жүзген. Қиындық пен қуанышта қатар жүріп, көпке үлгі болған жұпты «Қызылорда жылу электр орталығы» коммуналдық кәсіпорнының «ҚазалыТеміржолжылу» филиалынан жолықтырдық.
Бүгінде жайлы өмір, түзу тұрмыс кешу өмір сүру салтымызға тән. Ешкім алыстан арбалап су тасымайды, дорбалап отын әкелмейді. Тұрғындар үйге жеткен соң жылы жерде отбасына көңіл бөледі, өзге мақсатты жұмыстарын жүзеге асырады. Осындай жұртшылықты жылумен қамтып, қиындығы мол жұмыста жауапкерлігімен көрініп жүрген жандар Сембаевтар отбасы.
«Біздегі мамандардың барлығы дерлік мақтауға лайықты. Олай деуге себеп те жоқ емес. Мұндағылардың дені мекеме ашылған 1996 жылдан бері, қандай қиындық өтсе де, кәсіпорынның қалыптасуына, бүгінгідей жұмысының жүйеленуіне өлшеусіз үлес қосқандар. Ерлі-зайыпты Сембаевтар дәл осындай жандар. Тек ұзақ жыл жұмыс істегенімен емес, кәсіби шыңдалған маман, айтар ойы, ақыл-парасаты биік үлкендеріміз», – деді «ҚазалыТеміржолжылу» филиалының директоры Еркінбек Алпысбаев.
Басшылық жылы лебізін, оң көзқарасын білдірген жандармен жүздесуге асықтық.
Сол күні тілшілерге жол нұсқап жүрген орталықтың бас инженерінен сұрап-білгеніміздей, аға операторлардың жұмысы өте жауапты. Күрделі құрылымның тынысын тап басып білуі керек. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қазандық жағдайы, оған келіп тұрған от пен судың күйін бақылап, қысымын қадағалап, электр жүйесін де назардан шығармауға міндеті. Ауысымдағы оператор, қысым қадағалаушы, зертханашы, электриктің барлығы бас оператордың нұсқамасымен жұмыс істейді. Айтуға оңай болғанымен, жүйенің кішкентай көңіл аударылмаған тұсы күрделі апатқа себепкер болуы мүмкін екенін жүрегімен сезініп, жанына ұялатудың өзі жеңіл емес. Аға оператор тәжірибелі жылу маманы, ұтымды ұйымдастырушы, талап ете білетін, сондай-ақ төтенше жағдай орын алса, тез шешім қабылдай алатын жан-жақты адам болуы тиіс. Қазандық маңында естіген «Мұнда жігіттің жігіті ғана жұмыс істейді» деген пікірді кейіпкеріміздің күн тәртібіне үңілгенде, ұғынғандай болдық.
«Әр саланың өзіне тән қиындығы мен қызығы болады. Меніңше, мерей деген мамандығыңның қажеттігін сезініп, жауапкершілікпен жұмысқа кірісуің. Бала күнгі тәрбиеміз, қанмен келген қасиет пе, қолға алған іске жауаптылық танытуды ұстаным еткеннен, ұтылғаным жоқ. Жып-жылы үйде кішкентайларым алдымнан жүгіріп шыққанда, еңбегімнің еш кетпегеніне марқаямын», – дейді Әбнағи Сембаев.
Бірнеше жыл теміржол саласында тер төккен азамат тұрақтылық, бірсөзділік, адамгершлік ұстанымынан ажырамаған. Еңбектен қол үзбей жүріп, жоғары білім алуды да естен шығармаған ол үнемі ізденісін арттырып жүреді.
Отанасы Дәметкен Сембаева да мекеме құрылған күннен бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатқан мақтаулы маманның бірі.
«Қызметіміз бу қазандығына берілетін судың сапалылығын тексеру. Қаттылығы анықталса, сүзгі арқылы жұмсарту арқылы қазандыққа жібереміз. Бұрын мазут тексеретінбіз. Қазір көгілдір отын игілігін көргеннен бері, жұмысымыз жеңілдеді. Алайда қосымша резервте мазут бар. Газ болмай қалса, қосамыз», – дейді ол. Лабораториядағы Гүлзира Дәрменқұлова, Лиза Ахметуллаева мен жас маман Айдана Демеуовалар бесінші разрядты лаборантты өздеріне ұстаз, ақылшы анасындай көреді.
Алғашында Түркістан облысындағы фосфор зауытында еңбекке араласқан ару біршама уақыт мақта шығаратын зауытта да жұмыс істепті. Тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі туған жерімен байланысады. Зейнет жасына жақындаса да, оның тындырымдылығын танып, жауапкершілігін жоғары бағалаған басшылар жас мамандарды баулуға өтініш білдірген. Мамандығын меңгерген жанға қашан да сұраныс бар деген осы.
Дәметкен «Теміржолжылуорталығымен» бірге 2008 жылдан бері Сәбит Өтегенов басқаратын республикадағы бірегей темір-бетон өнімдерін шығаратын «LCI-MK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазалы филиалында да қосымша жұмыс істейді. Темір жол, көпір құрылысына қажетті сапалы арқалықтар, жоғары кернеулі желіге лайықталған бағанадан бөлек 60-тан аса темір-бетон бұйымдарын дайындайтын орында лаборант өнімдер сапасын сараптан өткізеді.
Еңбекті сүйген ерлі-зайыптыдан тараған қос перзент өмірден өз орынын тауып, мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Олардан өрбіген немерелер мен жиендердің әрбірінің қылығын ата мен әжесі тамсана айтады.
«Біз үлгіні сырттан іздемедік» деген кейіпкерлеріміздің әкелері де еңбегімен елге сыйлы еңбек және соғыс ардагерлері Ізбасқан Сембаев пен Болсын Қалапов теміржолда тер төккен тарландар.
«Бүгінгі буынның еңбектен жерінуіне не себеп?» деген сұрағымызға Әбнағи: «Қоғамдық қатынастар өзгерген тұста, еңбекті бағалау, дәріптеу кемшін қалды. Біз дәстүрлі сабақтастықты осылай үзіп алдық. Адал табысын маңдай терімен тапқан, өз жұмысын елімнің ертеңі, ұрпағымның болашағы үшін деп істеген әр адам – еңбек адамы. Қашан да еңбек адамы – ел мақтанышы. Оларды дәріптеуге мемлекет маңыз беріп отырғаны қуантады. Бастама нәтижесін берсе, жастар жұмысқа орналасып, өмірден өз жолын табады», – деп жауап берді.
«Үйде де, түзде де бірге болу жалықтырып жібермей ме?» дедік көкейге келген сауалды іркіп қалмай.
«Жоқ, керісінше, жақындастыра түседі. Қадіріңді арттырып, қасиеттеріңе қанықтарады. «Жұбайлар бар әңгімесі таусылған» деген жолдар бар. Біздің өскен ортамыз, достарымыз әріптестеріміз де бір. Тиімділігі, бір салада жүргеннен кейін, бір-бірімізді етене түсінеміз. Қиындығы, жұмыста орын алған ауыртпалық болса, арқамызға аяздай батады. Мұндайда да тығырықтан шығатын жол іздеп, бір-бірімізге барынша қолдау береміз», – дейді Дәметкен Болсынқызы.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА