Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады

Аты-жөнін жариялағысы келмеген азамат ол кісілерге жеті бөлмелі үй, автокөлік және моторлы мүгедек арбасын сыйлаған, – деп жазады Азаттық.
Ерлі-зайыптылар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағы да сый жасағанын айтады.
«Үйден бөлек жаңа көлік сыйлады. Оны енді өз ыңғайыма қарай жасатып жатырмын. Тағы тоқпен жүретін мүгедек арбасын тарту етті», – дейді Бақытбек Сейітбаев.
Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі боғанына қарамастан қол қусырып қарап отырмайды. Әйелі тігінмен айналысса, күйеуі көлігімен адам тасып күнелтіп келген.
Олар бұрынғы баспанасында дәретхана мен жуынатын жердің қиынға соққанын айтады. Мектебі сәл алыстағаны болмаса қыздары да жаңа үйге мәз болуда.
