Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баласын түнде тас жолға тастап кеткен

Баласын түнде тас жолға тастап кеткен

Ресейлік жанұяның Тәжікстанға жасаған сапары қайғылы жағдаймен аяқталуға сәл қалды. Себебі, Қызылорда тас жолында ерлі-зайыптылар байқаусызда 9 жастағы ұлын ұмытып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
1 ақпан күні түнгі сағат 23:00 шамасында Қызылорда облысындағы тас жолдан бір бала табылды. 9 жастағы мектеп оқушысын тәртіп сақшылары байқап қалған. Бұл туралы мәліметті Polisia.kz ресми құқық қорғау ресурсы таратты.
Баламен сөйлесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен бірге жолға шыққанын анықтады. 9 жастағы мектеп оқушысының айтуынша, ол көлікте ұйықтап, бір жерге тоқтағанда ғана оянған. Көлікте ешкім жоқ екенін көрген бала дәретханаға баруды жөн көріпті.
Осы уақытта ерлі-зайыптылар жеке транспортарына қайта отырып, әрі қарай аттана берген. Ал ұлдары ата-анасының артынан айқайлап қала берді. Олар ұлы көліктің артында ұйықтап отыр деп ойлапты. Ерлі-зайыптылар ұлдарының жоғалғаны туралы көлігін полиция тоқтатқан уақытта ғана білген.
Сондай-ақ, бұл жанұяның Ресейден екендігі және Тәжікстанға бара жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жолда қалған баланың және ерлі-зайыптылардың туыстық қатынастарын растайтын құжаттарды тексерді.
syrboyi.kz
05 ақпан 2020 ж. 864 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 26

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930