Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді саунаға некеде тұрмаған жұпты кіргізбейді

Енді саунаға некеде тұрмаған жұпты кіргізбейді

Душанбе қаласында некеде тұрмаған жұпты саунаға бірге кіргізбейді.
Сауна қожайындары енді ерлі-зайыптылар неке туралы куәлік көрсетуі керектігін растады.
"Ерлі-зайыптыларға ешқандай кедергі жоқ. Ал некеде тұрмаған жұп үшін демалыстың мұндай түріне тыйым салынған. Мұндай ережені қала билігі енгізді", - деді 22 қазанда дереккөз.
Душанбе тұрғыны Дилшодты өткен аптада әйелімен саунаға бірге жібермеді, өйткені олар неке туралы куәлік көрсетпеген.
"Біз жаңа ереже туралы білмедік, сол себепті ерлі-зайыпты екенімізді дәлелдей алмадық. Сауна қожайындары бұны билік ережесі деп түсіндірген", - деді қала тұрғыны.
Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали мұндай ереже жезөкшелер жайлаған мекендермен күресу үшін жасалғанын айтқан. Сол себепті сауналар мен басқа да мекемелердің қожайындарына қатаң ескертілген. Қаладағы қонақ үйлердің қожайындары да осындай ескерту алған. Жекеменшік қонақ үйлердің ресепшнінде ерлі-зайыпты еместерге бірге нөмір берілмейтіні айтылған.
24 қазан 2018 ж. 1 564 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930