Ерлі-зайыптылар шөлде 200 мың ағаш өсірді
 Қытайлық әйел Чжан Ляньлянь күйеуі екеуі шаңы бұрқыраған шөлейтті ну орманға айналдырды, деп жазады Синьхуа агенттігі.
Қытайлық әйел Чжан Ляньлянь күйеуі екеуі шаңы бұрқыраған шөлейтті ну орманға айналдырды, деп жазады Синьхуа агенттігі.Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіне орын тепкен Шэньси провинциясының Яньань қалалық округіндегі Аньсай ауданына қарасты Лэйпинта қыстағында нулы орман жайқалып тұр. Ол - ерлі-зайыптылар Ван Яоу мен Чжан Ляньляньның отыз жылдық еңбегінің жемісі.
1981 жылы қыстақ маңынан құмды дауыл көтерілуінен мезі болған Чжан Ляньлянь күйеуін ағаш отырғызуға көндіреді. Содан бері ерлі-зайыптылар 130 гектар жерде 200 мыңнан астам ағаш өсірді. Орман елді мекеннің климатына да ықпал етіп, тұрғындардың өмірін түбегейлі өзгертті.
		













