Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

9 желтоқсан адалдықты, ашықтық пен құқықтық мемлекетті білдіретін Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып өтіледі.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың қоғам мен экономиканың дамуына төндіретін қауіп-қатерді түсіне отырып, бұл құбылыстарға мүлдем төзбеушілік қағидаттарын берік ұстанады. «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған ішкі саясатты әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды белсенді түрде іске асырады.

Бұл саладағы маңызды қадамдардың бірі ретінде корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы саясатты бекіту болды. Корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресте компанияның этикалық стандарттарды сақтау және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі нақты белгіленген стратегиялары мен міндеттемелерін бекіту маңызды қадам болды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау бойынша оқыту жүргізіліп, заңсыз ықпал етудің алдын алу бойынша шаралар және ішкі бақылаудың тиімді тетіктері енгізілді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, корпоративтік құрылымдардың да міндеті екенін еске салады. Мемлекеттік корпорация өз қызметінің барлық деңгейінде ашықтық пен адалдыққа ұмтылуды жалғастыруда.
09 желтоқсан 2024 ж. 494 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031