Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз
Ел болашағын ойлаған, өз тағдырын қазақ елімен ұштастырған әрбір азамат білуі керек бір нәрсе бар, ол «Сыбайлас жемқорлықпен күресу-баршамыздың міндетіміз» деген қағидат.
Егер осы міндетімізді барлығымыз теңорындасақ болашағымыз жарқын болмақ. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы бар, оның ішінде 6-бапта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі» деп көрсетілген. Барлығымыз бұл жайлы білуге міндеттіміз. Олай болса аталған бапта не айтылғанына назар аударсақ:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
Қаржылық бақылауды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
Мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп тексеруді;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Бұл мемлекетіміздің әлем алдындағы мәртебесі, сенімі, келешегіне деген нық қадамдарының айғағы. Біздің еліміз жемқорлықпен күресте үлкен жұмыстар атқарып, соның арқасында тыныштық пен тұрақтылықтың, бірлік пен дамудың еліне айналды. Сондықтан әрбіріміз ел өркендеуіне үлес қосумыз керек.
Гүлсайран МЫРЗАХАНОВА,
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің
№2 бөлімінің бас маманы