Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық жанашырлықты талап етеді

Тазалық жанашырлықты талап етеді

«Тазалық – табалдырықтан басталады», – дейді халық даналығы. Осы бір жақсы сөзді жанына серік еткен қазалылықтар аудан көлемінде өткен санитарлық-тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.

Бұл жолғы сенбілік жұмыстары Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Жеңіс саябағына абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сенбілікке қатысушы барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары саябақ ішіндегі қураған шөптерді шауып, ағаштарды балақтады. Сондай-ақ саябақ ішіндегі аяқсу жүретін арықтарды да тазартты.
Орталық саябақта өткен сенбілік барысында күзгі тал егу акциясыда өтті. Оған аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш және барлық мекеме-ұжым басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Сенбілік жұмыстарын аралау барысында аудан басшысы Әйтеке би кенті мен сенбілік жүргізілген аумақтардың тазалығына жауаптыларға бір­қатар тапсырма берді. Сонымен қатар туған жердің игілігі үшін жасалып жатқан тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысып, ортақ жұмысқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қараша 2024 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30