Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй сатып алу сиреді

Үй сатып алу сиреді

Биылғы қазанда тұрғын үй сатып алу және сату бойынша 34 336 мәміле жасалған, оның ішінде жеке үйлер бойынша тіркелген мәмілелер саны – 7 980, ал пәтерлер бойынша жасалған мәмілелер саны – 26 356.
2022 жылғы қыркүйекпен са­лыстырғанда (36 241) тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,8%-ға кеміді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғыдай Алматы (7 133 немесе жалпы са­нынан 20,7%) мен Астана (5 670 немесе жалпы санынан 16,5%) қалалары көш бастап тұр. Алып сатудың ең аз саны Ұлытау об­лысында – 322 (жалпы көлем­нен 0,9%).
Қыркүйек айымен салыс­­тыр­ғанда ең көп өсім қазан айын­да Алматы қаласында (12,5%), Ба­тыс Қазақстан (9,3%) және Қос­танай облыстарында (7,1%) тір­келді. Ал Қызылорда (-36,7%) және Түркістан (-17,2%) об­лыс­тарында көрсеткіш, керісінше айтарлықтай төмендеген.
Биылғы қыркүйек айымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі алып-сату келісім­де­рінің саны 980-ге азайды. Де­генмен жеке үйлерге қарағанда пәтерлерге сұраныс көп: қазан айында барлығы 26 356 пәтер сатылды, бұл – мәмілелердің жал­пы санының 76,8%-ы. Бөл­мелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер қатарынан үшінші ай сұраныста қалып отыр. Қазан айында бір бөлмелі 10 515 пәтер ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қала­ларына (жиынтық үлесі – 55,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 294 мәміле жасалды.
2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда жеке тұрғын үй­лер бойынша мәмілелер саны Солтүстік Қазақстан облысы (+5) мен Қостанай (+50) облыс­тарында ғана өсті, қалған барлық өңірде төмендеу байқалады.
2021 жылғы қазанмен салыс­тырғанда мәмілелер саны 22,8%-ға азайды. Көрсеткіштің ең қат­ты төмендеу құбылысы Шығыс Қазақстан облысында байқалды (-56,1%). Теріс көрсеткіш Алма­ты қаласынан өзге барлық өңірде тіркелді, Алматы шаһарында мә­мілелер саны былтырғы қазан айы­мен салыстырғанда, кері­сінше 9,1%-ға өскен.
11 қараша 2022 ж. 422 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 602

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 044

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031