Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала бағбаны "Халық құрметіне" ие болды

Бала бағбаны "Халық құрметіне" ие болды


Бірер күн бұрын «Рауан» инклюзивті бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Қуанышкүл Дәулетиярқызы айрықша қуанышқа бөленді. Бала бағбаны 14-15 қарашада әлеуметтік кәсіпкерлердің Евразиялық құрылтайына қатысып, Ұлттық экономика вице-министрі Б. Құдайбергеновтың Алғыс хатын иеленді.


20-дан астам ел өкілі қатысқан құрылтайға Қызылорда облысы атынан делегация барған. Төрткіл дүниеден келген меймандар алдында әріптесіміз қолдан тоқылған тақиялардан көрме көрсетті. Тіпті өзбек елі министрлігінен іскерлік ұсыныс алғанын айтады.
— Мұндай ауқымды жиында елде жасап жатқан өміршең істер туралы баяндау маған ерекше әсер сыйлады. Мәулен Әшімбаевпен кездесіп, Қазалы ауданындағы жеке балабақшалар жайы, «Рауан» инклюзивті балабақшасындағы құлыншақтармен кең көлемдегі жұмыстардың жемісі, Білім басқармасы, Қазалы аудандық білім бөлімінің жеке балабақшаларға көрсетіп жатқан жанашыр жәрдемі жайында әңгіме өрбіттім. Талай жылғы балаларды дамытуға бағытталған еңбегім, 2023 жылдан бері әлеуметтік кәсіпкер ретіндегі бастамаларым түрткі болса керек, Өзбекстан министрлігінен инклюзивті балаларға бағытталған жобаларды дамыту ісінде бағыт бағдар беруге әріптестік шақырту алдым, – дейді марапат иесі.
Аталған құрылтай барысында Қуанышкүл Дәулетиярқызының қуанышы тағы еселенді. Әріптесіміз Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы директоры Е. Инербаевтың қолынан Қоғамға қосқан үлесі үшін «Халық құрметі» медалін кеудеге тақты. Құрмет иесі мұндай қошемет осы бағыттағы жұмыстарын одан әрі жандандыруға дем бергенін айтады.
Еске сала кетейік, «Рауан» инклюзивті балабақшасында 132 бала тәрбие алады. Оның 81-і ерекше білім беруді қажет етеді. Балабақшада тілі, дамуы кешеуілдеген, аутизм спекторы бар балалар және аутизммен ауыратын бүлдіршіндерді қатарға қосуды мақсат етіп келеді. Тұзды шахта, АФК және заманауи технологиямен жабдықталған мекемеде 50 адам жұмыспен қамтылған. Білікті мамандардың арқасында бүгінге дейін 200-ден аса инклюзивті бөбек орта мектеп табалдырығын аттады. Балабақша 2022 жылдан бері неміс мамандарымен бірігіп жұмыс жасап келеді.

22 қараша 2024 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930