Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Германияда келген тәжірибелі маманмен кездесті

Аудан әкімі Германияда келген тәжірибелі маманмен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Германиядан келген логопед, тәжірибелі маман Ренате Гриссермен кездесіп, ой-пікір алмасты. Кездесуде Мұхтар Әуесұлы қасиетті Қазалы ауданына келіп, Әйтеке би кентіндегі «Рауан» инклюзивті білім беру орталығында өзінің тәжірибесімен бөлісіп жатқан логопедке ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде Ренате Гриссер логопедия саласындағы өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында кездесетін ерекшеліктерді, мінез-құлқындағы өзгерістерді атап өтіп, балалармен түзету жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарына да тоқталып өтті.
Ал, «Рауан» инклюзивті білім беру орталығының директоры Қуанышкүл Дәулетиярқызы шетелдік тәжірибелі маманның орталық қызметкерлеріне жаңа әдістемелерді үйретуде көп көмек тигізіп жатқанын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шетелдік мейманға қасиетті Қазалы жерінен естелік болсын сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, Германиядан келген логопед Ренате Гриссер«Рауан» инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлеріне логопедия саласындағы жаңа әлемдік әдістемелерді үйретіп, сөйлеу тілін түзетуге арналған білімдерін жетілдіруде.

#Қазалы
12 қыркүйек 2022 ж. 315 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 41

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 90

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 96

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 66

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 100

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031