Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – қоғамның іргетасы

Отбасы – қоғамның іргетасы

Аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты аудандық отбасы форумы өтті. Шара басталмас бұрын келген қонақтарды отбасылық ансамбльдер ән айтып қарсы алды. Мұнан соң жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Форумды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, қай заманда, қай елде болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға келмейтінін айтты. Мұнан соң облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы мен «Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы» қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Айбек Дайрабай сөз алды.
Ал Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейдің «Әкелер» кеңесінің төрағасы Ертай Алғашбаев, «Рауан» инклюзивті білім беру орталығының директоры Қуанышкүл Дәулетиярқызы, «Kaussar Koldau» жекеменшік мекемесінің директоры, психолог және медиа-тренер Жания Бисенова қоғамдағы отбасының маңыздылығына тоқталды.
Басқосуда қатысушы қонақтар ұсыныс-пікірлерін айтып, отбасы туралы ойларын ортаға салды. Шара соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев үздік отбасыларды марапаттады. Атап айтар болсақ, «Үздік дәрігерлер әулеті» бағамы «Наршабаевтар» отбасына бұйырса, «Үздік кәсіпкерлер әулеті» номинациясына «Қаниевтер» отбасы лайық деп танылды. «Үздік теміржолшылар әулеті» «Рзалиевтер» отбасы десек, «Ынтымағы жарасқан әулет» бағамын «Өтегеновтер» отбасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік спортшылар әулеті» «Сидоренколар» отбасына және «Үздік өнерпаздар әулеті» бағамы «Изеевтер» отбасына табысталды. Одан бөлек, «Еңбекқор әйел» номинациясымен «Талды-аша» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлсім Бодықоваға, «Қайсар Ана» бағамы Ақмарал Жанұзақоваға берілді. Шарада аудан әкімінің «Алғыс хатын», облыстық әйелдер кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Алғыс хатын» иеленгендер де болды. Кеш «Әжелер» ансамблінің «Жолыққан қандай жақсы» әнімен қорытындыланды.
Айта кетейік, шараға облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы» қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Айбек Дайрабай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Галина Щербакова, Галия Гизатуллина және Крюгер Светлана, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова мен психолог Сымбат Абдрахманова арнайы келді.
Мұнан бөлек, ауданымызда өнегелі отбасылар қатарынан көрініп жүрген әкелер мен аналар, аудандық және ауылдық әйелдер, аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, мемлекеттік қызмет саласында жүрген әйелдер, белсенді аналар қатысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 шілде 2023 ж. 247 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930