Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі.
Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын Тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. Бұл рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері көлемдерінің, орнатылатын орындарының және орналастыру дәйектілігінің стандарттары тұрақты сақталады, тозған, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін уақтылы ауыстыру және жою жүзеге асырылып отырады.
Қазалы аудандық сотында мемлекеттік органның атауы және Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бар маңдайша бар. Аудандық сот төрағасы мен сот залдарының кабинеттерінде ұлттық стандарттарға сәйкес келетін Мемлекеттік рәміздер орнатылған.
Тәуліктің қараңғы уақытында сот ғимаратында ҚР Елтаңбасы мен Туы жарықтандырылады.
Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз.
ФотоК.Уразалиева,
Қазалы аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы