Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздер – мақтанышым

Рәміздер – мақтанышым

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың қасиетті міндеті. Қазақ елінің тарихына жүгінсек ата-бабалар туын мақтана тік ұстап, ұрыс барысында жанын қиса да туды жерге құлатпаған. Міне осындай мемлекеттік нышанға деген құрметті үлгі ете отырып, жастарға насихаттау, отансүйгіштік сезімін жоғарылату баршамыздың отан алдындағы борышымыз.
4 маусым – Рәміздер мерекесі қарсаңында кент орталығында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
– Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Жас ұрпақтың намысын оятып, патриоттық сезімдерін ұялататын – рәміздер мерекесі құтты болсын, көк байрағымыз биіктен көріне берсін, – деген ізгі тілегін білдірді.
Шара барысында бір топ азаматтар ауданымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене қатысып, зор үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекеге аясында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, өнер көрсетті. Мұнан соң Мемлекеттік туымызды ұстаған азаматтар вело-автошерулер ұйымдастырды.

Серік АҚМЫРЗА
07 маусым 2022 ж. 590 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 83

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 82

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 101

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031