Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттама рәсімдеріне тараптарды шақыру

Сотқа дейінгі хаттама рәсімдеріне тараптарды шақыру

Сот жүйесінде дауды сотқа дейін татуластыру рәсімдерінің көмегін реттеу маңызды бағыттардың біріне айналып, бітімгершілік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Азаматтардың арасындағы дауды шешіп бітімгершілікке шақыру күн тәртібінен түскен емес.
2022 жылғы қаңтардан бастап «сотқа дейінгі хаттама» деп аталатын ҚР Азаматтық процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізіліп, азаматтардың татуластырудың жаңа институты пайда болды.
Татуластырушы-судья талап қою түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей сотқа дейінгі хаттама жасау құқықтарын, тараптарға дауды татуласу рәсімдері шеңберінде шешу мүмкіндігін, оның артықшылықтарын түсіндіре отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді. Егер тараптар келіссе, оларға сотқа дейінгі хаттаманың нысаны ұсынылады және оны рәсімдеу мерзімі белгіленеді.
Сотқа дейінгі хаттамада тараптар дәлелдемелерді көрсете отырып, дауды өзара келісіммен реттеудің нұсқаларын ұсынады. Тараптар сотқа дейінгі хаттаманы толтыру арқылы татуласса, татуластырушы судья талап қоюды өндіріске қабылдайды.
Сотқа дейінгі хаттаманы жасау қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындырды азайтуға, дәлелдемелермен алмасуға, дау бойынша бір мәмілеге келуге мүмкіндік береді.
Сотқа дейінгі хаттама қоғамдағы дауласу деңгейін азайтуға, даулардың бітімгершілікпен шешілуіне, дәлелдемелерді алдын ала ұсыну арқылы дауды сотқа дейін реттеуге септігін тигізеді.
Фото
Ж.Бержан,
Қазалы аудандық соты әкімшісінің
бас маманы-сот отырысының
хатшысы 
20 қараша 2024 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30