Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық Банк криптонарықты реттеу бойынша ұсынымдар әзірледі

Ұлттық Банк криптонарықты реттеу бойынша ұсынымдар әзірледі

Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform
Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанда цифрлық активтерді реттеудің моделін қалыптастыру үшін әртүрлі елдердегі қаржы реттеушілерінің криптоактивтер нарығын реттеу тәсілдерін талдау» тақырыбында зерттеуді ұсынды. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.
Бұл жұмыс халықаралық тәжірибе мен нарықтағы заманауи үрдістерді ескере отырып, елдегі цифрлық активтерді реттеудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге бағытталған.Зерттеу аясында цифрлық қаржы активтерін, криптовалюталарды, стейблкоиндерді және цифрлық активтердің басқа да түрлерін қоса алғанда, криптоактивтердің әлемдік нарығындағы қазіргі ахуалға талдау жүргізілді.Реттеудің құқықтық аспектілеріне және осы активтерге байланысты тәуекелдерді басқаруға ерекше назар аударылды. Құжатта басқа елдердің қаржы реттеушілері қолданатын тәсілдер зерделеніп, халықаралық қаржы ұйымдарының криптоактивтер нарығын реттеу бойынша ұсынымдары көрсетілді.
— Зерттеуде Қазақстанның тәжірибесін талдау қамтылып, елдегі цифрлық активтер нарығының бірегей сын-қатерлері мен ерекшеліктері атап көрсетілді. Сондай-ақ, цифрлық қаржы активтерін дамыту, нақты активтерді токендеу және инновациялық технологияларды Қазақстанның цифрлық экономикасына ықпалдастыру шаралары ұсынылды, — делінген таратылған ақпаратта.
Құжатта тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және елдегі цифрлық активтер индустриясының тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ете алатын теңгерімді реттеу жүйесін құру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарды криптовалютаға инвестиция салуға шақырғаны хабарланды.
19 қараша 2024 ж. 154 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930