Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Cтресстік активтер нарығын дамыту мәселелері қалай реттелмек

Cтресстік активтер нарығын дамыту мәселелері қалай реттелмек

Соңғы 5 жылда қаржы жүйесіндегі стресстік активтер көлемі айтарлықтай қысқарды және қазіргі уақытта сектордың қаржылық тұрақтылығына қауіп жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Қаржы нарығын реттеу агенттігіне Үкіметпен бірлесіп стресстік активтердің цифрлық платформасы мен инфрақұрылымын құруды, оларды сатып алатын және сататын қосалқы нарық қалыптастыруды, оларды иелену үшін салықтық ынталандыруды қоса алғанда, жағдайлар жасауды тапсырды.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша стресстік активтер мөлшері 2,5 трлн теңге деңгейінде бағаланады. Бұл – төлеу мерзімі 90 және одан көп күннен асып кеткен қарыздар, қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты қайта құрылымдалған қарыздар, банктердің стрестік активтерді басқаруды жүзеге асыратын еншілес ұйымдарының балансындағы активтер, сондай-ақ өндіріп алынған мүлік.
2021 жылы банк секторы активтерінің сапасына 2019-2020 жылдары жүргізілген бағалау (AQR) нәтижелері бойынша банктердің провизияларды қалыптастыру және кепіл мүлкін бағалау процестерін жетілдіруге бағытталған реттеушілік талаптар қабылданды. Бұл банктердің кредиттер бойынша провизияларды неғұрлым уақтылы және толық қалыптастыруына ықпал етеді, бұл стрестік активтердің баланстық және әділ құны арасындағы алшақтықты қысқартады.
Сонымен қатар, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, банктердің баланстарын өзін-өзі тазартудың нарықтық тетіктерін құру үшін Қазақстанда стрестік активтердің өтімді нарығын құру үшін кедергілер мен талаптарға талдау жүргізілді және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірленді.
27 қаңтар 2022 ж. 792 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930