Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жайы жақсаруда

Жол жайы жақсаруда

Қазалыда соңғы жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Соның арқасында аудандағы жолдың жайы реттеліп, жақсы жағдайдағы автомобиль жолдары тоқсан пайызға жуықтаған. Одан бөлек ауданға қарасты ауыларалық жолдар да қайта жаңғырып, алыс-жақын елді мекеннен қатынайтын ағайынның да жұмысы жеңілдеді.

Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде 406,2 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Соның ішінде 261,8 шақырым асфальтты, 96,4 шақырым қиыршық тасты және 48 шақырым топырақты жол. Жыл өткен сайын ауданда ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы жақсарып келеді. Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан жол салу, асфальт төсеу сынды жұмыстар нәтижесінде бүгінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі жоғарыда айтқандай тоқсан пайызға жуықтаған.
Биыл да жүйелі жұмыстар жалғасын тауып, облыстық бюджеттен бөлінген 120 миллион теңгеге «Бозкөл-Тасарық», ал «Бек­арыстан би – Шөмішкөл» бағытындағы бар­лығы 20,4 шақырым автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жол жұмысын тәмамдауға республикалық бюджеттен 164 миллион теңге қажеттігіне қарамастан мердігер мекеме «Қазалы жолшы» ЖШС өз қаражаты есебінен жобаны аяқтауға жұмыс жасалып жатыр.
Аудандағы ең үлкен жол жұмыстарының бірі – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр және Әйтеке би көшелері болып отыр. Аталған көшелерді қайта жаңғыртуға ағымдағы жылға Ұлттық қордан 691,8 миллион теңге қаржы бөлінген.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жасалып жатқан қос көшенің қайта жаңғырту жұмыстарымен «Строймодуль Астана» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Қазір Жанқожа батыр көшесінің жол жиегін бекіту, бордюлерді салу, аялдамаларды орнату, сонымен қатар Жанқожа көшесінің Қ.Пірімов пен Т.Бөріқұлақов көшелерімен қиылыстарына жол айрықтарын салу жұмыс­тары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. Ал Әйтеке би көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір жол жұмысы Біржан сал көшесімен қиылысқан тұсқа таяған.

Аудандағы ең жемісті жобаның бірі – Қазалы қаласындағы жолдардың жұмысы. Нақтыласақ, мұнда «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша Ерлепесов, Мергенбаев, Уалиханов, Рахашұлы, Әйтеке би, Жалаңтөс батыр, Хегай Гер Сек, Бәкішев, Ж.Жабаев, Жақаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жол жұмысының сапалы әрі тыянақты етіп жасалуын мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС алған. Жобаның жалпы құны 718,966 миллион теңге, оның ішінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастауға 69 миллион теңге қаржы бөлінген.
Сонымен қатар жаңа жолдың игілігін қазалылықтар «Жаңа ауыл» атап кеткен аймақтың тұрғындары да көруде. Әйтеке би кенті бойынша кенттегі Бегім ана, Сырым батыр көшелеріне күрделі жөндеу, С.Сейфуллин көшесін орташа жөндеу жұмыстары сәтті тәмамдалды. Аталған жұмыстарды бұған дейін де кенттегі біршама көше жұмыстарын сәтті аяқтаған «Нұрас и К» ЖШС алған болатын.
Одан бөлек «Қазалы жолшы» ЖШС тарапынан кенттің – Жаңқожа 3 шақырым, М.Өтемісұлы тұйығы, Ұялы, Ақан Сері, 2 квартал, Қасым Аманжолов сынды көшелері де назардан тыс қалмай, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ендігі біршама уақыттан бері тұралап, созбалаңға салынған Әйтеке би мен Қазалы қаласы аралығындағы 7 шақырымды құрайтын жол құрылысы жайы да қайта қаралып, жұмыстар қайта жанданды.
Екі аралықтағы жолды жөндеу жұмыстары 2020 жылы жауапты мердігер мекеме «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС бастаған. Жауапты мердігердің құрылыс жұмыстарына атүсті қарауы салдарынан жол құрылысы тұралап қалған.
Бүгінгі таңда екі аралықтағы төрт жолақты автомобиль жолын аяқтау жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын қайта жариялау жұмыстары жүргізіліп, мердігер «Нұрлы-Тау» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Жол құрылысын аяқтау үшін биыл бюджеттен 862 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда асфальт төсеу жұмыстары реттеліп, енді жарық шамдар орнату секілді істер қалып тұр. Жалпы көпті алаңдатқан Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 7 шақырым автомобиль жолын кеңейту жұмыстары биыл тәмамдалуға шақ.

Серік АҚМЫРЗА


12 қараша 2024 ж. 58 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930