Жол жөндеу жұмыстары қарқынды
Биыл ауданда жол салу мен жөндеу қарқынды. Оның ішінде қала мен кент екі аралығындағы төрт жолақты жолдан бөлек, ауыл-аймақ және кент ішіндегі бірнеше көшелер де бар. Атқарылып жатқан жұмыстармен толығырақ танысу мақсатында Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне
бас сұққан едік.
бас сұққан едік.
Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 406 шақырым аудандық маңыздағы көлік жолы және елді мекендердің 405 шақырымды құрайтын 455 көше жол тораптары бар.
Оның ішінде асфальтты жол – 232,5, қиыршық тасты – 102,7 шақырым болса, топырақты жолдар – 71 шақырым жерді алып жатыр.
2021 жылы 50 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекендердің 40 көшесін жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 3,1 миллиард теңге қаржы бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары да жүргізілген.
Ал 2020 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесімен аудандық маңыздағы автомобиль жолының жақсы жағдайдағы үлесі – 75,6 процентті құраса, өткен жылдың қорытындысымен жолдардың индикаторлық үлесі – 82,5 процентке жеткен екен. Бүгінде инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 1,6 миллард теңге бөлініп, жол құрылыс жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек «Қыран» ЖШС Бозкөл мен Кәукей елді мекендерінің арасындағы көлік жолына да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Жоғарыда аталған жолға көлдің ұлтаны өте жақын болғандықтан, жолдың негізгі қабаты күшейтіліп, топырақ, бутвый тасы және геотекстиль төселген-ді. Сондай-ақ қиыршық тас қабаты толықтай жайылып, 21 километрге қара шебін және асфальт қабаты жайылған. Қазіргі таңда жол жиегін бекіту және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал «СтройМодуль Астана» ЖШС мекемесі Басықара мен Абай ауылының аралығындағы 20 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарымен айналысуда.
Өткен жылы 12 шақырымға қиыршық тас және асфальт қабаты төселген еді. Қазіргі таңда 3 шақырымға қиыршық тас қабатын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Басқа да жол жұмыстары жайында жауапты маман тарқатып айтып берді.
– Қожабақы-Бекарыстан би 0-18 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын «СтройМодульАстана» ЖШС жасауда.
Осы жолдың 18 шақырымына қиыршық тас төселіп, 3 шақырымына асфальт қабаты жайылды. Жоба сметалық құжатында көрсетілген жұмыстар толық аяқталған.
Ал Әйтеке би-Басыкара 0-19 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді «СтройМодуль Астана» ЖШС жүргізуде.
Жолдың бұзылған учаскелері 4000 м² қалпына келтіріліп, 12 шақырымға асфальт қабаты төселді.
Бекарыстан, Майдакөл 2,7-10 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарымен «Нұрас и К» ЖШС-і жұмыс жасауда.
Автомобиль жолының негізгі қабаты бұзылып, 3 шақырымға қиыршақ тас төселді. Жол құрылыс жұмыстары бүгінде жалғасуда.
Кожабакы-Бекарыстан би, Майдакол 0-12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеуді «Нұрас и К» ЖШС атқаруда.
Автомобиль жолының көне асфальт қабаты бұзылып, негізгі қабаты күшейтілуде. Сондай-ақ, 5 шақырымға қиыршық тас қабаты төселді.
«Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» 43,7-56 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын «Нұрас и К» ЖШС жүргізуде.
Аталған автомобиль жолының 12,3 шақырым жол тегістеліп, гравийлі құмды қоспа мен асфальт қабаты толықтай төселді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту. «Даму» бағдарламасыаясында бөлінген 157,2 миллион теңгеге Әйтеке би, Басықара аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы темір бетонды көпірді қайта жаңғырту жұмыстарын «Жылу-21» ЖШС жалғастыруда.
Темірбетон көпірінің негізі қаланып, тіреулері және плиталары қойылды. Қазіргі таңда темірбетон көпірінің жиегіндегі қоршаулары орнатылып, қиыршық тас қабаты төселуде, – дейді Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрман Серікұлы.
Аудандағы маңызды жол құрылыстарының бірі – «Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы» аралығындағы 7 шақырымды алып жатқан аудандық маңыздағы автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеңейту жұмыстары болып тұр. Оған өткен жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2,4 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының ағымдағы жылда тәмамдалуына қажетті қаржысы да бөлінген.
Сонымен қатар Қазалы, Қожабақы, Бозкөл, Кәукей ауылы автомобиль жолының «Қарлаң» учаскесінен «Сырдария» өзені арқылы темірбетон көпірін салу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда оған көпірдің темірбетонды қадалары құйылуда. Аталған жұмыстар «СтандартОйл КЗО» ЖШС арқылы жүзеге асуда.
Жалпы, аудан көлеміндегі 21 елді мекенде 405 шақырымды құрайтын 455 көшенің 68 проценті дерлік өте жақсы жағдайда.
Одан бөлек, аудандық бюджеттен бөлінген 56,3 миллион теңгеге, «Нұрас и К» ЖШС кентте орналасқан Абай тұйығына 0,240 километр арқылы асфальт қабатын төсесе, ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын Қ.Қартақов, И.Байзақова, Ә.Қашаубаев, Бейбітшілік, Қ.Ибрагимов, 2 квартал, Жанқожа батыр 3 шақырым, Біржан сал көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Ондағы жұмыстың жүйелі атқарып жатқан «Қазалы Жолаушы» ЖШС.
– Басқа да, Ә.Тыныбаев орамына 0,4 шақырымға асфальт қабатын төсеу үшін «Қазалы Жолшы» ЖШС және «Қазалы су сервис» МКК кәріз суларының тұндырғышына кіре беріс жолына 1 шақырым қиыршық тас төсеу жұмыстарын «Намыс Құрылыс» ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар Бекарыстан би, Жаңақұрылыс автомобиль жолындағы тозығы жеткен көпірге жаңадан су өткізгіш құбыр салынып, пайдалануға берілді.
Жыл сайынғы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын-алу мақсатында іс-шара жоспарына сай 9,3 миллион теңге қаржыға барлығы 162 дана жол белгісі мен 6 дана жол кедергісі орнатылып, 30 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль және 16 жаяу жүргінші жолдарына жол жолағы сызылды. Сондай-ақ 3 жерге 42 дана жарық шашатын мысық көз жаяу жүргінші өткелдеріне орнатылды, – дейді Нұрман Ердалиев.

Серік ӘЛИҰЛЫ