Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб белсенділері марапатталды

Халықтық штаб белсенділері марапатталды


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында партиялық қызметтегі белсенділігі үшін бірқатар партия мүшелері және АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері, штаб жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытқан партия атынан сайланған әкімдер мен филиал қызметкерлері марапатталды.
Жиында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш АЭС салу маңызды бастамасы ел тұрғындарының қолдауына ие болғанын, бұл нәтиже Халықтық штабтың әр мүшесінің еңбегі екеніне тоқталды.
«Хaлықтық штaбтың жұмысы жемісті бoлғaнынa 6 қaзaндa өткен референдумның қoрытынды нәтижесі дәлел бoлып oтыр. Дaуыс берушілердің 70 пaйыздaн aстaмы AЭС құрылысын қoлдaп, дaуыс берді. Oсылaйшa, aзaмaттaр Қaзaқстaнның энергетикaлық тәуелсіздікке қoл жеткізіп, oдaн әрі өркендеуін қaмтaмaсыз ету жoлынa қaдaм жaсaды», - деді Ғaзиз Әлмәмбетұлы.


Мұнан соң партиялық міндеттер мен жобаларды іске асыруда ерекше белсенділік танытқан Қазалы локомотив жөндеу зауытының кран жүргізушісі, партия белсендісі Күлпаршын Арыстанбекова «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар референдум қорытындысы бойынша бірқатар азаматтарға Халықтық штаб төрағасы Е.Қошановтың және «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Д.Кәрібектің Алғыс хаттары табысталды.
#AMANAT
07 қараша 2024 ж. 119 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 11

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930