Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті


Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабының төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

«Электр энергетикасы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тапшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жетіспеуі алдағы уақытта ірі өндірістік орындар үшін де үлкен мәселеге aйнaлуы мүмкін. Өйткені, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.


Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарт алғандарын айтып, ұжым болып қолдайтындықтарын білдірді.
16 қыркүйек 2024 ж. 68 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031