Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымдарымен атқарылған жұмыстар қаралды

Бастауыш партия ұйымдарымен атқарылған жұмыстар қаралды

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында бірқатар бастауыш партия ұйымдары атқарылған жұмыстар жайында есеп берді. Жиынға филиал төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.
Ең алдымен 374 партия мүшесін біріктіретін «Көлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ләззат Ізбасқан атқарылған жұмыстар жайын баяндап, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

- «AMANAT» партиясы жобаларының басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту. Осы ретте жобаларды іске асыру шеңберінде «Көлік» бастауыш партия ұйымы жоспарға сай іс-шараларды жүргізуде. Атап айтқанда, «ТазаLike» партиялық жобасы аясында ұйым мүшелерімен сенбілік жұмыстары қарқынды өткізіліп келеді. «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылды, - деген Ләззат Шманқызы «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында жасалған жұмыстар жайын тарқатты.

Мұнан соң «Достық» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Шарап Жалғауов пен «Орталық» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Мұратбек Нағашыбаев партиялықтармен бірлесе жасалған жұмыстары жайында баяндап, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы тоқталып өтті.

Жиын соңында филиал төрағасы Ғазиз Әліш бастауыш ұйымдарының қызметiн одан әрi жандандыру және алда атқарылуы қажет жұмыстар жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.

#AMANAT
29 наурыз 2024 ж. 139 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930