АЭС: Халықтық штабтың бірқатар мүшелеріне алғыс хат табысталды

«Еліміз бойынша дауыс берушілердің 71,12%-ы АЭС салуды қолдап, дауыс берді. Ал өңір халқының 82,48 пайызы референдумға қатысып, республика бойынша көш бастады. Осы тұста Сыр жұртшылығының ел болашағы үшін қабылданатын шараларға бей-жай қарамайтындығының көрінісін байқауға болады.
Бұдан бөлек аудан халқы дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасады. Бұл саяси науқан кезінде Қазалы аудандық Халықтық штабының әрбір мүшесінің тұрғындарға нақты түсіндіріп, күшейтілген тәртіппен жасаған жұмыстарының бірден-бір нәтижесі», - деді филиал төрағасы.
Мұнан соң бірқатар ардагерлерге Халықтық штаб төрағасы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың Алғыс хаттары табысталды.
Өз кезегінде ардагерлер алдағы уақытта да мемлекеттің жарқын болашағы үшін жұмыла жұмыс істеуде қалыс қалмайтындарын айтып, ризашылықтарын білдірді.