Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірқатар облыста тасқынға қарсы дайындық тиісті деңгейде жүргізілмеген

Бірқатар облыста тасқынға қарсы дайындық тиісті деңгейде жүргізілмеген

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бірқатар облыста су тасқынына қарсы дайындық тиісті деңгейде жүргізілмеген. Бұл туралы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша Үкіметте өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жиында ТЖМ-нің өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын тексеру нәтижелері бойынша Үкімет басшысына инженерлік жоспарларда көзделген бірқатар жұмыстың орындалмағаны туралы баяндалды.
Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі жұмыс қарқынын сынға алып, олар тиісті деңгейде жүргізілмей жатқан өңірлердегі инфрақұрылым мен гидротехникалық құрылыстарды дайындау бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының әкімдеріне бір ай мерзімде жоспарланған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өңір әкімдері қысқа мерзімде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық кешенді шараларды қабылдауға тиіс. Алдымен, су бұру арналарының, арықтар мен дренаж жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Тасқын қаупі бар елді мекендер маңына топырақ бөгеттер тұрғызылып, үлкен судың келуінен қорғалуға тиіс, – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын дайындауды тапсырды. Дәл осындай шараларды көлік қатынасы үзіліп қалуы мүмкін жерлерде де қабылдау керек. Қыс мезгілінде, әсіресе ауылдық елді мекендерден қарды уақтылы шығаруды ұйымдастыру тапсырылды. Су тасқыны маусымына арнайы және инженерлік техника алдын ала жұмысқа дайын тұруға тиіс. Сонымен қатар жергілікті бюджеттерде ықтимал төтенше жағдайларға қаражат қарастырып, қажетті ресурстарды дайындау маңызды.
Су ресурстары министрлігінің алдына су қоймаларын толтыру көлемін бақылауды қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда суды қауіпсіз ағызу жөнінде шаралар қабылдау міндеті қойылды. Көрші мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендерде қауіптердің туындауы туралы үнемі ақпарат алмасу ұйымдастырылады.
Төтенше жағдайлар министрлігіне «Көктем–2025» оқу-жаттығуы шеңберінде су тасқыны жағдайының күрделенуі кезінде нақты іс-қимылдар алгоритмін пысықтау, оның ішінде жедел ден қоюға арналған күштер мен құралдар топтамасын айқындау тапсырылды. Премьер-министр ТЖ аймақтарына, оның ішінде теміржол және әуе көлігімен күштер мен құралдарды жеткізудің нақты тетігі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жарылғыш заттар мен инертті материалдардың қорын дайындау, құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру, эвакуацияланатын халықты қабылдау пункттерін анықтау және тұрғындарды белгіленген орындар туралы алдын ала хабардар ету, ауыл шаруашылығы жануарларын айдап апару үшін қауіпсіз учаскелерді қарастыру тапсырылды.
Олжас Бектенов төтенше жағдайлардың салдарын жою, оның ішінде залалды өтеу кезінде ден қою мәселесіне жеке тоқталды. ТЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағыттағы мәселелерді шешу тетіктерін пысықтау қажет.
Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төнген және су басқан кездегі өзін-өзі ұстау, қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге көшіру ережелері туралы халықты уақтылы және сапалы хабардар ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті тапсырмалар берілді.
08 қараша 2024 ж. 56 0

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930