Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен таңдаған мамандық" байқауының жеңімпаздары анықталды

"Мен таңдаған мамандық" байқауының жеңімпаздары анықталды


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мен таңдаған мамандық» байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Үй жұмысы» және «Тағамдар көрмесі» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Байқау студенттердің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына деген қызығушылығын арттыру, саланың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа «I steak», «Milkshake» және «Vanil Life» топтары қатысып, сынға түсті. Нәтижесінде ұмыт қалған ұлттық тағамдарды әзірлеуімен ерекшеленген «Milkshake» тобы жеңіске жетті.
«Сапалы тамақ – ел тұрғындары денсаулығының кепілі. Сондықтан тамақ өнеркәсібі технологы мамандығы әрдайым сұраныста. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты – еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес инновациялық өнімдерге бағытталған, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау», – деді университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева.
Ауқымды шараға студенттер, қаладағы мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, өндіріс өкілдері, жұмыс берушілер және мектеп оқушылары қатысты.
Бүгінде университетте 10 мыңнан астам білім алушы болса, оның ішінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 234 студент оқуда. Биыл осы мамандықты таңдағандар саны 100-ден асты.

Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
медиа орталығы

13 қазан 2023 ж. 234 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930