Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Бүгін Қ. И. Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Әлішева Эльмираның ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау — ертеңді ойлау" тақырыбында 10,11-сынып оқушылары мен мектепті былтыр бітірген, бұл күнде Қазақстанның әрбір аймағындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 1-курс студент жастары арасында кездесу болып өтті.
Бұл кездесуде студенттер өздерінің мектеп қабырғасында жүріп, мамандық таңдаудың маңыздылығын қалай сезінгендерін, тестілеуге қалай дайындалғандарын, оқуға түскендегі қиындықтары мен қызықшылықтарын, сондай-ақ студент шақтың өзіндік ерекшеліктерін, мектептегі алаңсыз оқушылық күндерінің естеліктерін айтып, ой бөлісті.
10,11-сынып оқушылары да өз ойларын ортаға салып, студент аға-әпкелеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кездесуге қатысқан шәкірттер Эльмира Әлмамбетқызы ұйымдастырған бұл шара өте қызықты әрі тартымды, мағыналы кеш болғандығын айтып тарқасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 қаңтар 2023 ж. 716 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930