Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір сүйектің алты аты

Бір сүйектің алты аты

Ертеде күтпеген жерден «құдайы қонақпыз» деп төрт жолаушы ауылдың шетіндегі қоныс тепкен үйге түседі. Жаз мезгілі болғасын ет те азайып қалған екен. Меймандарды күткен әйел қатты қысылады. Өйтіп-бүйтіп сақтағанын қазанға салады. Ет піскен сон табақты дастарқанға әкеледі.

Бұрынғы дәстүр бойынша, төрт адамға төрт сүйек салынуы керек еді. Бірақ оған қолдың қысқалығы кедергі жасайды. Ақырында, әйел малының тапшылығын амалының артықшылығымен жаппақ болып: «Қадірлі қонақтар, өздеріңізге асықты жілік тартып отырмын. Айыпқа бұйырмаңыздар, бары осы. Алайда осы сүйектің алты аты бар. Сол атты тауып қатесіз атасаңыздар, мен өзімді сіздерге тай сойып бергендей сезінер едім» дейді.
Арада біршама уақыт өтеді. Жүргінші қонақтар әрі ойланып, бері ойланып, қойылған сұрақтың жауабын таппапты. Сонда әлгі әйел: «Бұл сүйектің бірінші аты – алшысынан тұрғаны, екінші аты – тақасынан тұрғаны, үшінші аты – бүгесінен тұрғаны, төртінші аты – шігесінен тұрғаны, бесінші аты – оңқасынан тұрғаны, алтыншы аты – томпасынан тұрғаны» деп ортаға тасталған сауалдың жауабын айтыпты. Төрт жолаушы ұялғаннан еңселері түсіп, қаңтарулы тұрған аттарына қарай беттей беріпті.

Ел аузынан
05 қараша 2024 ж. 69 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031