Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлаңыз! Қарашада қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Абайлаңыз! Қарашада қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Фото: depositphotos.com
Қараша айында магниттік дауылдар болуы мүмкін күндер аталды. Бұл күндері ауа райына тәуелді адамдар денсаулығына аса мән беруі керек, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Магниттік дауылдар дегеніміз не?

Бұл – күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын жердің магнит өрісінің бұзылуы. Ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Қараша айында қай күндері магниттік дауылдар болады?

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша қарашада мына күндері магниттік дауылдар болуы мүмкін:
  • 11 және 12 қараша - 4 балдық магниттік қозу;
  • 15 және 20 қараша - 4 балдық магниттік қозу;
  • 25 және 26 қараша - 5 балдық магниттік дауыл,
xras.ru

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • қандай да бір созылмалы ауруыңыз болса, дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстаңыз.

01 қараша 2024 ж. 63 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930