Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамызда тағы да магниттік дауыл соғады

Тамызда тағы да магниттік дауыл соғады

Астрономдар тамыздың 20-сы күні тағы да 5 балдық шкалада магниттік дауыл соғатынын ескертеді. Ғалымдар Ресей ғылым академиясы П.Н Лебедев атындағы физика лабораториясы зерттеулеріне сүйене отырып осындай хабарды таратып отыр. Мұндай дауылдар энергетикалық жүйелерде әлсіз ауытқуларға, өшіп қалуларға, ғарыштық құрылғыларды басқару кезінде мәселелер тудыруға себеп болуы мүмкін. Астрономдардың хабарлауынша, бұрынғы магниттік дауылдар – 20 сәуір, 6 мамыр, 2 маусым және 28 маусым күндері болған. Бұлардың ішіндегі ең күштісі және ең белсендісі 20 сәуір күні болған магниттік дауыл. Магниттік дауылдың адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталар болсақ, дені сау адамдарға бұл үдеріс аса байқалмауы мүмкін. Дегенмен лейкемия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегеді. Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде соған сай келмей қалады. Магниттік дауыл көбінесе денсаулық жағдайы ауа райына байланысты өзгеретін, жүрек-қантамырлары жүйесі ауыратын адамдарға кері әсер етеді. Магниттік дауыл кезінде мұндай адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, соңғы 5 балдық шкала бойынша магниттік дауыл Қазақстанда Астана уақытымен сағат 09:00-де басталып түске дейін жалғасқан еді.
massaget.kz
03 тамыз 2018 ж. 1 693 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 137

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 194

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 140

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930