Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

24 қазан – қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, қоғам мен мемлекетіміздің дамып өркендеуін насихаттап, ел игілігіне жаратып жүруді мақсат ететін мамандық иелері – кітапханашылардың кәсіби мерекесі.
Оқырманға кітап жайлы бағыт-бағдар беріп, қызмет атқаратын кітапханашылар қашанда құрметке лайықты. Редакциямызбен тығыз байланыс орнатып, әріптестік қарым-қатынасты жандандырып отырған бұл мамандық иелеріне деген біздің құрмет ерекше. Осы орайда газетіміздің арнайы бетінде кітапханашылардың қалтқысыз қызметі мен ерен еңбегін жұртшылық назарына ұсынуды жөн көрдік.



Жадыра БАЙЕКЕЕВА: Бала кезден кітапқа жақын болдым

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде, жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық – кітапханашы. Олай дейтінім, осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Менің түсінігімдегі кітапханашы – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші. Өзім балалық шақтан кітап оқуға жақын боп өстім. Мұражай ауласындағы шағын екі бөлмелі ғимарат сүйікті мекеніміз еді. Кітапханашы Рыскүл, Айсара, Айшолпан апайлар жайдары жүзбен қарсы алып, іздеген кітаптарымызды тауып беретін. Кітап оқуға деген қызығушылығым мені кітапханашы мамандығына жетеледі.
2006 жылдан бастап Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектепте кітапханашы болып жұмыс істеудемін. Осы уақыт аралығында мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен дамыту жұмыстарымен айналысып келемін. Мектепішілік іс-шараларға белсене араласып, өз білгенімді қызметтестеріммен бөлісіп, олардан да үйренгенім аз емес. Мектеп ішінде кітап апталықтарын өткізіп, оқушылармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқуға деген қызығуышылығын ояту жұмыстарын жүргізудемін.
Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығын өмір бойы сүйіп өтетін жандар болады. Сол жандардың қатарынан өзімді көремін.







Гүлназ ӨТЕП: Пайдасы зор мамандықты таңдадым

Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала жоқ. Сол кезде менің ойымда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Ойлана келе, менің таңдаған мамандығым – кітапханашы болды. Қазіргі таңда Әйтеке би кенттік кітапханасында жұмыс істеймін. Бұл мамандықтың ерекшілігі, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүретін, рухани құндылыққа толы, абыройлы мамандықтардың бірі деп ойлап таңдадым. Өйткені жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Мен өзімнің мамандығымды мақтанышпен айта аламын.
Қазіргі кезде сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің аса қызықтылығымен және тартымдылығымен ерекшеленетін сияқты.
Иә, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүретіні секілді кітапханашы мамандығы туралы айтсам бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан барлық деңгейдегі кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
Кітапханада мерекелік іс-шаралар, әдеби-музыкалық кештер, интелектуалдық ойындар өткізіледі. Кітапхана – жастардың қарым-қатынасын қалыптастыратын, олардың пікір алмасу арқылы ойларын өрістететін орта болып табылады. Сондықтан жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын осындай іс-шаралардың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.


Әйгерім СМАҒҰЛОВА: Алдымен кітапты өзім оқимын

Мен 2017 жылдан бас­тап Ғ.Мұратбаев ауыл­дық кітапханасының кітап­ханашысы болып жұмыс істеймін. Кітап­ханашы болуым көркем әде­биетке қызығушылығым бол­­ды. Көп кітап оқыдым. Бір­қата­рына ғана тоқталып өтсем, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактараттары, М.Айым­бетов­тің «14 жастағы бала», Б.Соқпақбаевтың «16 жастағы чемпион» шығармаларын оқы­дым.
Бұл – «Инемен құдық қаз­ғандай» ізденісте, жаңа­шыл­дық жасауға ұмтылу үстінде жүруді талап ететін сала.
Қазір заман ағымына сай салалар компьютер мен телефонға әуестеніп барады. Баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін өзім бірінші қызық кітап оқып, соны оқырмандарға бастап айтып беремін. Әрі қарай өздері қызығып, сол кітаптың соңына жетуге асығып оқи бастайды. Жақында ғана Спандияр Көбеевтың «Қалыңмал» атты кітабын оқыдым. Оқырмандармен бөлістім. Негізі әрбір оқыған кітапты оқырмандарға көркемдеп жеткізсең қызығушылық болады.
Жас жеткіншектер ертегі, аңыз-әңгімелер оқыса, орта буын ғашықтық, махаббатқа толы әдеби кітаптар оқиды. Мысалы, біздің кітапханаға 76 жастағы қарт оқырманым Қалибек Мұсаұлы атты ақсақал тарихи кітаптар оқиды. Ақсақал апта сайын кітапханаға келіп тұрады. Кітапға деген құштарлығы мені қатты сүйсінтеді.

Ұлболсын Талапбаева


22 қазан 2024 ж. 40 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930