Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді

Қазақстанда 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді

Оның ішінде 117 мың адам – 18 жасқа толмаған
Қазақстанда 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді
Фото: freepik.com
Қазақстанда денсаулығына байланысты қанша адамның мүгедектігі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық мүгедектер күні әлемнің барлық елінде 3 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі.
«Қазақстанда тұратын 743,9 мың МБА-ның ішінде 414 мың адам немесе 55,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам немесе 28,6%-ы зейнеткерлік жаста, ал 117 мың адам немесе 15,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар», – делінген министрлік хабарламасында.



03 желтоқсан 2025 ж. 46 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 246

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031