Менің кітапханам – менің таңдауым

Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Кітапханашының ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы тиіс. «Сөйлеу мәдениеті» кітапханашының басты құралы. Оқырмандарды кітаппен кездестіре отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға үйретеді.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану қызмет сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Кітап – рухани азық. Ал кітапхана – рухани байлықтың ордасы болса, кітапханашы – қандай жұмыс түрлері болмасын өздерінің кәсіби шеберліктерімен заман талабына сай әдебиетті насихаттап, ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші қоғамның белсенді мүшесі. Кітапханашы – әрдайым білім, ғылым, өнердің дамуына өз үлестерін қосатын мамандық иесі. Әр кітап пен оқулықтың жақсы күйде сақталуында кітапханашылардың еңбегі қашанда өлшеусіз. Жылжып уақыт өткен сайын жылдан-жылға оқырман сұранысы артуда. Оқырманға уақыт талабына сай қызмет көрсету де кітапханашылардың міндеті боплып қала бермек.
Аймира БЕКБАЕВА,
№92 орта мектеп кітапханашысы